Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания патшайымы қарапайым халық қатынайтын пойызбен жүрді

Ұлыбританияның патшайымы ІІ Елизавета елдің шығысындағы Норфолк патшалығынан Лондонға дейін қарапайым халық қатынайтын кәдімгі пойызбен баруды жөн көрді.

8281877

89 жастағы патшайым  Норфолкқа 17 желтоқсан күні барған. Ол жылда рождестволық мереке күндерін аталған патшалықта өткізуді дәстүрге айналдырған.

Патшайым Кинг Линн қаласынан І класты пойызға отырды. Жүріс уақыты 1 жарым сағатты құраған.

Патшайымды вокзалдың басшысы Грэм Прат күтіп алып, қызмет көрсеткен.

«Мен патшайымнан Норфлокта уақытты жақсы өткіздіңіз бе деп сұрағанымда ол  «иә» деп жауап берді», – дейді Прат.
Бұл пойыздың билет құны 55 фунт (28 мың теңге) тұрады.

Талқылау