Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания парламенті алдында теракт болып екі адам қаза тапты

Ұлыбритания парламенті жанында қайғылы оқиға орын алды. Қылмыскер бірнеше адамды қағып өтіп, артынша полицейге пышақ сұғып алған. Кем дегенде он екі адам жарақат алса, оның екеуі көп ұзамай мерт болды.

британия парламент

Бұл туралы лондондық ауруханаға сілтеме жасай отырып Би-би-си хабарлады.

Дәрігерлердің сөзінше, жапа шеккендердің кейбірі аса ауыр жарақат алған. Әзірге жарақаттанғандардың нақты саны анықталып жатыр.

Күдікті азамат алдымен көлікпен көпірдің үстінде бірнеше адамды басып өткен. Одан кейін парламенттің жанында полицейге пышақпен соққы жұмсаған. Артынша қолға түскен.

Британиялық БАҚ өкілдері қылмыскерлер санының екеу болуы мүмкін екенін жазуда.

Әзірге парламенттің жұмысы тоқтап қалды. Парламенттегілерге ғимаратты тастап шығуға тыйым салынды, ал теракт болған жерде саперлер жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, қазір «Вестминстер» метро сансасы мен қала орталығындағы бірнеше көше жабық тұр. Британдық премьер-министрдің резиденциясы қоршауда, одан шығуғы қатаң түрде тыйым салынды.

Ресейлік сыртқы істер министрлігі шабуылдың қасақана жасалғанын және алдын ала ойластырылғанын мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Apple iPad-тың жаңа түрін шығарды

Қырғызстан президенті Атамбаев ата атанды

Селфи жасамақ болған қытайлық азамат құздан құлап кетті (видео)

Араб шейхтары канадалық мұғалімге миллион доллар сыйлады

Талқылау