Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания ғалымдары тері жасушаларынан жасанды ми өсіріп шығарды

Ұлыбританияда нейробиологтар тері жасушаларынан жасанды ми өсіріп шығарды. Жасушалардың  микроскопиялық көшірмесі қарапайым Петри табақшасынан алынды.

gallery_18_102_90385

Ғылыми жұмыс Кембридж зертханалардың бірінде жүргізілді. Ғылыми тәжірибе авторы – нейробиолог Мэдлин Ланкастер.

Оның сөзіне қарағанда, бұл идея балалық шағынан пайда болған. Оның әкесі де ғалым болған және Мэдлинге адам ағзасындағы нейрондық жүйе туралы айтып берген.

Мэдлин өсіріп шығарған миы сезім мен түйсінуге қауқарсыз екенін атап өтті. Алайда, алынған модель ғылымға  шизофрения және аутизм, сонымен қатар өзге де жүйкелік ауытқушылық проблемаларын түсінуге ықпалдасады, – деп хабарлады VistaNews.


Түйеқұс өзін пілмен шатастырып жүр (фото)

Әлемдегі ең кәрі мысық 31 жасқа толды

 

Талқылау