Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания елшісі Қазақстан халқын қазақ тілінде құттықтады (видео)

Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэролин Браун қазақстандықтарды қазақ тілінде Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

(ks,hbnfybz

Елшінің бейне құттықтауын елшіліктің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жариялап отыр.

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтау мүмкіндігін пайдалануға қуаныштымын! Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап, 24 жыл ішінде айтарлықтай табыстарға жетті. Сондай-ақ бұл біздің екіжақты қатынастарға да байланысты. Олар осы уақыт аралығында тез дамыды және әрі қарай дамитынына сенемін. Мен Қазақстанның дамуына табыс, атап айтқанда оның әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарына кіруге қол жеткізуін тілеймін! Ұлыбритания Қазақстанның осы мақсатқа қол жеткізуіне қолдау көрсетеді», – деп атап өтті елші Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің «Facebook» желісіндегі парақшасында жарияланған бейнеқұттықтауда.

Бұның алдында, дәл осындай мәнерде Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джорд Крол қазақстандықтарды қазақ тілінде Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтуде. Еліміздің барлық аймақтарында Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр.

 

Талқылау