Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбритания азаматы басын қатерге тігіп 73 метр биіктіктен секірді

Ұлыбритания азаматы Саймон Берри Гиннесс рекордын жаңарту үшін басын қатерге тігіп 73 метр биіктіктен секірді.

bungee-dunk-620x349

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Аяғын рәзіңкемен байлап қойып “тарзан” деген әткеншектен құлдилап төмен түскен экстремал қас-қағым сәтте қолындағы печеньесін жерде тұрған шайға малып үлгерді.

Жүрекжұтқан Саймонның ерлігін  жүздеген адам демін ішіне тартып бақылап тұрды. Камера экстремалды бірнеше жерден видеоға түсіріп үлгерді. Құс ұшатын биіктіктен секірген 28 жасар Саймон бұл әрекетін Дүниежүзілік Гиннес рекордтарының күніне орай ұйымдастырған екен. Бұл күндері әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адам рекордты жаңарту үшін жан салмай өз өнерлерін көрсетіп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда 2017 жылдан бастап оқушылар көлік жүргізуді үйренеді

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Таразда сегіз жастағы қызды зорлаған азғынға қатысты сот үкімі шықты

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Талқылау