Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлы отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақ жауынгері 75 жылдан кейін жерленбек

Ұлы отан соғысы кезінде ұрыс алаңында қаза тапқан атыраулық жауынгердің сүйегі туған жеріне жеткізілді. Майданға қазіргі Құрманғазы ауданынан 21 жасында аттанған Құспанғали Боранбаевтың сүйегін бірлесіп жұмыс жасаған қазақстандық және ресейлік іздестіру топтары Новгород қаласының маңынан тауыпты, деп хабарлады КТК.

Ұлы отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақ жауынгері 75 жылдан кейін жерленбек

Сүйегінің белгілі бір бөлігі ғана аман сақталған қазақ сарбазының жанынан өзінің аты-жөні ойылып жазылған қасық пен капсула шыққан. Мұрағат құжаттарында Құспанғали Боранбаевтың1922 жылы дүниеге келіп, әскерге 1941 жылы алынғандығы және оның 28-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқандығы айтылған. 1943 жылы Новгород облысының Парфинский ауданы маңында ерлікпен қаза тапқан сарбазға бүгін жерлестері құрмет көрсетті. Қаладағы жеңіс саябағында салтанатты шара ұйымдастырылып, сарбаздың сүйегі туыстарына табысталды.

“Менің әкемнің әкесінің туған інісі. Енді біздің міндетіміз әрі қарай туған жеріне, өзінің бауырларының қасына осы сүйекті апару, сол жақта қазақша салтпен барлық дәстүрлерін ұйымдастыру”,-дейді Құспанғали Боранбаевтың туысы Зылиха Дүйсекенова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау