Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлы мен келіні туған шешелерін темір торға қамап баққан (фото)

92 жастағы қытайлық әже көп жыл бойы темір тордың ішінде өмір сүріп келген. Қасында ұлы мен келіні болған екен.

3C0B3CC600000578-0-image-a-2_1484129648890

Бұл туралы Тһе Daily Mail басылымы хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар әженің қатты жүдеп кеткенін байқаған. Артынша бірден шаралар қолдануға кіріскен. Оны шенеуніктер келіп құтқарып, ауруханаға жатқызған. Биліктің шара қолдануына да тұрғындар себепші болған. Олар әйелдің қорқынышты тәнін видеоға түсіріп, желіге таратып жіберген.

Қарияның айтуынша, оны көп жылдан бері темір торға қамап ұстаған. Қажетті мөлшерде тамақ та, киім де бермеген. Ол енді ауруханада емделіп жатыр.

3C0B3CB100000578-0-image-a-3_1484129653303

Әже тұрған жерде төсек жоқ. Ол ағаштың үстінде ұйықтауға мәжбүр болған. Ұлы мен келіні осы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Шенеуніктер өз кезектерінде оқиға туралы жергілікті билікке хабарлауға мәжбүр болған.

Шенділер әйелді жуынатын бөлмесі бар үйге апарған. Мұнымен қатар, киім әкеліп берген. Ал полиция қызметкерлері қарияның денсаулығының қалпына келгенін асыға күтіп жүр.

3C0B3CAC00000578-0-image-a-1_1484129644145

Қария туралы Weibo желісінде жазылды. “Адамдар дәл осындай лас жерде қалай ғана тұра береді екен?”, “Ұлын жазалау арқылы ешнәрсе шешілмейтін шығар” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайда анасы қызына “бетперде” атанған немересін тастап кетуге кеңес берген (фото)

Мұхтар Шаханов шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды азаматтықтан шығаруды ұсынды

Атырауда дұға үшін ақша талап еткен имам жұмыстан қуылды

Науқас баласы бар астаналық әйел уақытша тіркеудің кесірінен баспанасынан қуылды

Талқылау