Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлты қазақ жігіт Өзбекстанға қола медаль алып берді

59 келіге дейін күрескен Өзбекстандық балуан Елмұрат Тасмұратов олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

tasmuradov - копия(1)(1)

Фото: wrestling.uz

Бұл салмақта екінші қола жүлдені норвегиялық Стиг Андре Берг еншіледі. Ол жұбаныш белдесуінде қазақстандық Алмат Кебіспаевты жеңіп кеткен болатын.

Еске салсақ, 25 жастағы Тасмұратовтың ұлты қазақ. Ол Ташкент облысында туған. 2004 жылы спортшы 13 жасқа толғанда ата-анасы оны тарихи отаны Қазақстанға жібереді. Ол Бекзат Саттарханов атындағы мектепте төрт жыл бойы оқыған.

Кейін ол күрестен Қазақстан құрамасының қатарына кіруге тырысқанымен, оған мүмкіндік берілмеген. Кейін Тасмұратов Өзбекстанға қайта оралып, сол елдің туы астында өнер көрсете бастайды. Осылайша үш рет Азия чемпионы және екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Талқылау