Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика министрлігі шенеуніктерге Жаңа жылға берілетін сыйақының көлемін айтудан бас тартты

Ұлттық экономика министрлігі Stan.kz ақпараттық агенттігінің Жаңа жыл қарсаңында шенеуніктерге берлетін сыйақының көлеміне қатысты ресми сауалына жауап беруден бас тартты. Бұған дейін ведомство басшылығы сөгіс алған бірқатар жауапты тұлғалар монополия саласындағы олқылықтарды түземесе сыйақысыз қалады деп қоқан-лоқы көрсеткен еді.

13 қараша күні Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өзінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Монополияға қарсы комитеттің басшысы Азамат Майтиевке қатысты жағдайға түсініктеме берген еді. Жұманғаринге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министр Бақытжан Сағынтаев сөгіс жарияланған еді. Ал Майтиевке елбасы Қауіпсіздік кеңесте жеке өзі сөгіс жариялаған-ды.

“Олар жыл соңындағы қомақты болып табылатын барлық сыйақыларынан қағылады. Бұл шын мәнісінде өте ауыр. Қазір олар “сары карточкада” (қазір сынақ кезеңін өтіп жатыр деген мағынаны білдіреді – ред.). Олар шын мәнісінде өз ісінің мамандары. Егер айтылған бұзушылықтар қалпына келтірілсе, “сары карточка” алынып тасталады”, – деген еді ведомство басшысы.

Қазақстандықтардың салығы есебінен шенеуніктерге берілетін “қомақты” сыйақы көлемін білу мақсатында біз аталған ведомствоға 16-ншы қараша күні ресми сауал жолдап, 14 күнен кейін бірнеше мәрте хабарласып, ақыры жауап ала алмадық. Мүмкін, шенеуніктерге берілетін сыйақының көлемі құпия мағлұмат болар.

Естеріңізге сала кетсек, жарық пен жылу тарифтеріне арналған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар алақол монополистердің әрекеттерінен зардап шегіп жатыр деп мәлімдеген еді. Ол Ұлттық экономика министрлігінің монополияға қарсы комитетінің жұмысын сынады.

Айта кетсек, халық қаражатын пайдалану мен мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат – еліміздегі саясаттың баста бағдарларының бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттік орагн Бұқаралық ақпарат құралдарына 3 күн ішінде, зерттеуді қажет ететін ақпарат болса, 14 күн ішінде жауап беруі тиіс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау