Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан жауынгерлері құдыққа құлап кеткен әйелді құтқарып алды

Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері құдыққа құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның жедел құрамасына сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 10 қаңтар күні кешкі сағат 19.30 шамасында Қорғалжын тасжолы бойында болды. Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің екі әскери қызметшісі үйлеріне көлікпен қайтып бара жатқан. Әйел Мақсат Аманқұл мен Жомарт Жексембаевтың көзінше ашық тұрған құдыққа құлап кеткен.

«Фонарь жағып қарасақ, құдықтың тереңдігі 3-4 метрдей екен. Жомарт дереу көліктен тросс әкелді. Беліме байлап төменге түстім. Бізді байқаған кісілер де көмекке келіп жатты. Олардан дереу жедел жәрдем шақыруын өтіндік. Екінші тростың көмегімен апайды алдымен, жоғары шығарып жібердім. Елулер шамасындағы кісі екен, үсті малмандай су болыпты. Отбасы мен бауырына да хабарластық», – дейді ефрейтор Мақсат Аманқұл.

Медициналық тексеріс нәтижесінде әйелдің ауыр жарақат алмағаны анықталды. Тек денесінің әр тұсында гематомалар қалған.

«Телефоным судан істемей қалды. Көмекке кімді, қалай шақырар едім? Құтқарып үлгеруші ме еді… Оны ойлаудың өзі қорқынышты. Сарбаздарға көп рахмет! Жолдары ашық болсын деп батамды берем, бар жақсылықты тілеймін», – дейді Аққоян Олжабайқызы.

Оқи отырыңыз:

Қытайда қазақстандық студент қыз 14-қабаттан құлап, мерт болды

Құқы жоқ: Бақытбек Есентаевтың қарындасы Тұрым Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етті

Сабақ алдым: Ақбота Сейітмағамбет қателіктерін қайталамауға уәде берді

Ұшақ бортының қызметкерлері Мақпал Жүнісоваға тосынсый жасады (видео)

Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Талқылау