Ұлттық Ұлан жауынгерлері Айзаданы қалай тауып алғандарын айтып берді

Бейсенбі, 10 Желтоқсан , 2015 21:57

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5571 әскери бөлімі сарбаздарының жедел іс-әрекеттерінің арқасында Іле ауданының Жетіген кентінде жоғалып кеткен 20 жастағы Айдада Авлатарова табылды.

жоғалған қыз

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Лейтенант Рустам Сердалиновтың жетекшілігімен кинолог, кіші сержант Арман Әлімбетов, қатардағы жауынгерлер Тілеухан  Нұрхан мен Бибол Бинұр қызмет ететін жедел мақсаттағы ротаның әскери жасағы Алматы облысы Қапшағай қаласының маңындағы «Заря Капшагая» саяжай кооперативінде жедел-іздестіру іс-шараларын атқарып жатқан.

«Цветочная көшесінің бойында темір жол бойында келе жатқан екі адам назарымызды аударды. Олардың бірі еуропалық ер адам қыз баланы қолынан жетектеп келе жатты. Екеуі бізді көре сала бұрылып қашты. Сол кезде Зерон деген итке әмір бердік. Иттің даусынан қорыққан ер адам тоқтай қалды. Құжатын сұрағанда ер адам ештеңе көрсетпеді. Қыз бірден құжатын көрсетті. Сол кезде қылмыскердің қолын артқа қайырып, полиция шақырдық. Сол мезетте әбден қорыққан қыз жылап жіберді», – деді Рустам Сердалинов.

Полиция қызметкерлері Токарев Игорь Анатольевич пен оның тұтқынында болған Авлатарова Айзада Әлімжанқызын аудандық ІІБ-на жеткізді.

Олардың айтуынша, Айзаданың өмірі мен қауіпсіздігіне төніп тұрған қауіп жоқ.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өздерінің әскери міндетін адал атқару арқылы құқықтық тәртіптілікті нығайту жолында үлкен үлес қосып келеді және тәуліктің кез келген уақытында еліміздің тұрғындарына көмекке келуге әзір!» – деді Р.Сердалинов.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар