Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан университеті курсант өлімінің мән-жайын жария етті

ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтының курсанты университет аумағында түстен кейінгі уақытта өлтірілген. Ол пышақ жарақатынан он сегіз минут ішінде көз жұмды, деп хабарлады институт басшысы Серікхан Әбселемов жұма күні тілшілерге.

8787

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Кеше түстен кейінгі уақытта үшінші курстың екі курсанты арасында жанжал туындаған. Салдарынан пышақ жарақатын алған курсант Тұрсын қаза тапты. Екі жедел жәрдем бригадасы мен біздің медициналық пункт оның өмірі үшін күресті, алайда курсант он сегіз минут ішінде көз жұмды”, — деді Әбселемов.

ЖОО жетекшісінің айтуынша, кеуде тұсынан бір рет пышақ жарақатын алған, қазір медициналық сараптама жүргізілуде.

Жанжалға қатысушылар бір оқу тобының курсанттары екен, олардың болашақ мамандығы – “Командалық-тактикалық және тәрбие жұмыс”. Лейтенант атағын алуға бір жарым жыл қалыпты.

“Төбелес институт аумағында жазғы дәретхана жанында болған. Әлбетте, екі курсантты да жеке танимын, үлгілі сарбаздар. Кез келген үлкен ұжымда әртүрлі жайттар болып жатады, бірақ екеуінің арасындағы айтарлықтай жанжалды оқу барысында байқамаппын, ондай болған емес”, — деп атап өтті институт басшысы.

Оның айтуынша, күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеуге байланысты, оның аты-жөні және әскерге қай жерден шақырылғаны айтылған жоқ.

“Оқиғаның анық-қанығын тергеу тобы анықтауда. Сонымен бірге курсант пышақты қайдан алынғандығы да анықталатын болады. Тергеу шарасы аяқталған соң, тиісті амалдар қолданылмақ”, — деп түсіндірді Әбселемов.

Марқұмның әкесі мен ағасы бүгін Петропавлға келеді екен.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ауыз су талап еткен жұртқа аудан әкімі ақылгөйсімеуге кеңес берді

Атырауда мұнай ұрлаумен айналысқан танымал қылмыстық топ қолға түсті

Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі сотын Астанада өткізуге қарсы шықты

Ақтөбеде үйлерді қирата жаздаған тепловоз машинисіне іздеу жарияланды

Талқылау