Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Олимпиада комитеті жылдың үздік спортшыларын марапаттады

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың спорттық сыйлығы» атты салтанатты марапаттау шарасын өткізді.

06fd5369daa74121a1b8c816d7fdfe69_1

«Жылдың спорттық сыйлығы» деп аталатын марапат, 2015 жылы ірі жеңістерге қол жеткізген қазақстандық спортшылар, бапкерлер, спорт функционерлерінің жетістіктерін лайықты бағалап және спортты, Олимпиадалық қозғалысты, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Ұлттық Олимпиалық комитеті 11 номинация бойынша, үздіктердің есімін атады.

«Жыл жаңалығы» – УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алған «Астана» футбол клубы. “Бенфика”, “Атлетико мадрид”, “Галатасарай” клубтарымен бақ сынасқан “Астана” 6 ойынның 4-еуінде тең ойнап, екі матчта жеңілді.db95d826e1a0c7fb0d42dac3e8be79cb«Үздік спорт клубы» – Бүкіләлемдік Бокс сериясының жеңімпазы атанған «Астана арландары» кәсіби бокс спорт клубы.370a150e2feb731002775fc50ed21b71«Жеңіске ынтасы үшін» – нысана көздеуден Әлем Кубогының жеңімпазы Юрий Юрков.DSCF3126«Жыл үміті» – Таэквондодан Бүкіләлемдік Универсиаданың чемпионы, жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Нұрсұлтан Мамаев.07b7db2072906996dc4011bc384978d0«Жыл командасы» – жоғары дивизионға жолдама жеңіп алған шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы.8JkGc8NTYwg_thb_610x350x2«Үздік спорт федерациясы» – ҚР ауыр атлетика федерациясы.Ilya+Ilyin+Olympics+Day+8+Weightlifting+2pYwFXjbi_Fl_thb_610x350x2«Жігері үшін» – жүзуден бүкіләлемдік IWAS ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина.7207c2cf0b29e924546687eb21cc871a_big«Жыл нәтижесі» – шаңғы спортынан Бүкіләлемдік Универсиаданың екі дүркін чемпионы, екі дүркін күміс жүлдегері Анастасия Слонова.1422850006_anastasia-slonova-skier«Үздік спорт менеджері» – «Астана арландары» кәсіби бокс спорт клубының бас директоры Серік Сәпиев.aa5fe0d3af70c31b37ab5ff687972427  «Жылдың үздік спортшысы» – Алматыда өткен дзюдодан Әлем чемпионы Елдос Сметов.photo_42667

 

Талқылау