Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық нақыштағы іш киімдерді кім және қалай тігеді?

 Қазақстанда әйелдерге арналған іш киімді қолжетімді бағаға тігумен айналысатын кішігірім ұйымдардың, кәсіпкерлердің саны аз. Ал оны ұлттық нақышта безендіріп, көріктендіретін мамандар қателеспесек, жоқтың қасы. Stan.kz ақпараттық агенттігі әйелдер арасында танымалдығы бар Yermanova деп аталатын брендтің негізін қалаушысы Альбина Ермановамен байланысып, нәзік жан иелерінің осы өнімге деген сұранысын, ұлттық нақыштағы іш киімді шығару туралы ойдың қайдан келгенін анықтады

Ұлттық нақыштағы іш киімдерді кім және қалай тігеді?

Әйелдер арасында үлкен ықыласқа бөленген Yermanova деп аталатын іш киім брендінің негізін қалаушысы Альбина Ерманова өз ісінің нағыз шебері саналады. Болашақта ол іш киімнен бөлек, қарапайым киімді де шығаруды жоспарлайды. Оның тобында Альбинадан бөлек, төрт адам іш киімді тігеді. Альбина Ерманова әр өнімнің дизайнын өзі ойлап табады. Оның айтуы бойынша, киімнің осы түріне әйелдердің сұранысы жоғары. Бірақ нарықта бәсекелестік сезілмейді.

“Біздің әйелдеріміз әдемі іш киімді қатты жақсы көреді. Өздеріне шаттық сезімін сыйлау үшін әсем өнімдерімізді сатып алады. Осыған әрине мен де қуанамын. Сонымен қатар, іш киімді тек өзіне емес, жарларына да сатып алатын еркектердің саны да артып келетіні көз қуантады. Біздің өнімімізге алыс және шақын шетелдерден де тапсырыс түседі. Ұлттық нақышы бар іш киімді шығару туралы ой шығармашылық шабыттың арқасында туды. Біз барлық өнімдерді өзіміз тігеміз. Қажетті материалдарды Оңтүстік Корея, Қытай, БАӘ, Испания, Италия, Украинадан аламыз. Әр іш киімнің дизайнын өзім ойлап табамын. Ұлттық нақышы бар іш киімдердің топтамасын шығаруды әзірге тоқтата тұрдық. Себебі, әлі де жүзеге аспаған, өз уақытын күтіп жүрген жобаларымызбен жұмыс жасау керекпіз. Сондай-ақ ұлттық нақышы бар іш киім алғаш рет жарық көргенде адамдардың арасында кішігірім түсініспеушілік туған еді. Бірақ ол өнім қазіргі уақытта сатылымда бар және болашақта да сатылымда болады”, — дейді Альбина Ерманова. Ұлттық нақыштағы іш киім 15 мың теңге тұрады.

Yermanova бренді ұлттық нақыштағы іш киімді шығарғанда өнімге наразылық танытқандар да болды. Альбина Ерманованың сөзінше, іш киімді көрген кейбір адамдар, шетелдік дизайнер осы арқылы барлығын мазақтап отыр деп ойлаған. Алайда ұлттық нақыштағы киімді шығару арқылы Альбина Ерманова қазақтың дәстүрін, салтын аяққа таптауды мүлдем ойламаған.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау