Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық мүддеге зиян тигізген адамды азаматтықтан айыратын заң жобасы мақұлданды

Қазақстандықтар қылмыстық кодекстің 21-бабы бойынша қосымша жаза ретінде азаматтықтан айырылатын болады.

1688710

 

Аса ауыр террористік қылмыстар және Қазақстанның ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне ауыр зиян тигізген адамдарды Қазақстан азаматтығынан айыру қарастырылған заң жобасын бүгін мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Ұсынылып отырған заң жобасының мақсаты – заңнамалық актілерді ҚР Конституциясындағы түзетулерге сәйкес келтіру. Жоба ҚР президентінің жарлығын орындау мақсатында әзірленді”, — деп баяндады мәжілістің жалпы отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Сонымен, Конституцияға сәйкес келтіру үшін 7 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде Қылмыстық кодекстің 21 бабында азаматтықтан айыру түріндегі қосымша қылмыстық жаза көзделіп отыр.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстандықтар қарызын өтемесе де ұшақпен сапарға шыға алатын болды

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Руслан Әбдіразақов “Алматы Барысы-2017” алтын белдігін жеңіп алды (фото)

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Талқылау