Ұлттық компаниялардың акциялары қарапайым халыққа сатылатын болды

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 23:00

Еліміздегі ең ірі ұлттық компаниялардың акциялары қарапайым  халыққа сатылатын болды. Үкімет жыл соңына дейін «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана», «Қазақтелеком» мен «Қазпошта», «Қазатомпромды»  IPO-ға шығармақшы, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

kmg4

Яғни, кез-келген азамат мұнай, әуе, байланыс секілді алпауыт  компанияларының акционері атана алады. Ол үшін аукцион арқылы мемлекеттік мекемелердің құнды қағазын сатып алуы тиіс. Әзірге әр акцияның нақты құны белгісіз.

Бірінші кезекте «Эйр Астана» мен «Қазатомпром»  саудаға түспек. Жалпы, бүгінге дейін республика бойынша 86 миллиард теңгеге 315 нысан сатылыпты. Бірақ, өтпей жатқан компаниялар да бар. Әсіресе, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан облысындағы нысандарға сұраныс төмен. Олар: спорт клубтары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметі мен аудандық газеттер, тілдерді оқыту орталықтары.

Тіпті тізімнен «Қайрат» футбол клубы да шығып қалған. Қаржы министрінің айтуынша, бизнесмендер бұл нынсандарға мүлдем қызықпаған. Сондықтан сұраныс жоқ нысандар 2018-2020 жылдарға қалдырып отыр. Оның үсітне  мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер жекешелендірілетін нысандарға қатысты әлі күнге дейін жүйелі жоспар құра алмай отыр екен.

-“Мәселен, «Бәйтерек» сатылатын компаниялардың тізімін қайта-қайта өзгертеді. Тоқтатыңыздар! Бастапқыдағы бекітілген жоспар бойныша жұмыс істеу керек. Қолдарыңнан келмесе, мемлекеттік органдарға ысыра саласыздар. Біз керісінше, компанияларды сатыңдар, немесе таратыңдар деп отырмыз ғой. 1 желтоқсанға дейін әрбір ірі компанияны сатудың жол картасын әзірлеңіздер”, – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде автобус жүргізушісі зорлаушыдан қызды қалай құтқарып қалғанын айтып берді

Рамзан Қадыровтың оныншы баласы өмірге келді

Алматыда жолақысы 200 теңгеге көтерілуі мүмкін

Мәйіт жатқан бөлмеде 40 күн шырақ жағу Исламда бар ма?

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар