Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық киім киіп рэп музыкасына билеген қыздарды желі қолданушылары аямай сынады (видео)

Инстаграм әлеуметтік желісінің қолданушылары қазақтың ұлттық костюмін киіп, ағылшын тіліндегі рэпке билеген қыздарды сынға алды.

eee

dudoser аккаунтының қолданушысы жақында бейнежазба жариялаған еді. Кадрға қарағанда оқиға Астана қаласында болған.

Қолданушылардың байқауынша, қыздар “Тілеп Қобыз Сарайы” кешенінің жанында болған. Көптеген адамдар қыздардың тәртібіне қатысты сыни пікір білдірген. Олардың ойынша, “ұлттық киімді бұлайша шетелдік даңғаза әуенмен қорлауға” болмайды екен. Бірқатары қыздардың мұндай әрекетті енді қайталамауына кеңес берген.

Алайда кейбір қолданушылар, қыздардың бидің ырғағына икемділігі мен ритмді сезінуін жақсы бағалапты. Қыздарды қолдаушылар, олардың стриптиз немесе басқа да ұятсыз би емес, жәй ғана рэптің ырғағына сай би билегенін алға тартып, қолдау танытқан.

Девчонки жгут #Астана #Шымкент #Казахстан

Видео опубликовано Шымсайд (@dudoser)

Талқылау