Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҚазҒарыштың басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің басшысы міндетін атқаруға Еркін Шаймағамбетов тағайындалды.

1453196715_a

Бұл туралы әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің басшысы мәлімдеді.

«Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды», – деп жазады Марат Иғали Facebook парақшасында.

Еркін Шаймағамбетов 2014 жылдың қазан айынан бері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төраға орынбасары қызметін атқарып келді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аэроғарыш комитетінің төрағасы қызметін атқарған Талғат Мұсабаев жақында мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалған болатын.

Талқылау