Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық бюро Әблязовті Астанаға шақырды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мұхтар Әблязовті жауап алу үшін Астанаға шақырды, -деп хабарлайды Baq.kz .

әбіл

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «БТА Банк» АҚ-ның бұрынғы топ-менеджемнті Әблязов, Жарымбетов және тағы басқаларға қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жемқорлыққа қарсы қызмет Әблязов пен оның сыбайластарының заңға қайшы әрекет еткендігін дәлелдейтін қосымша айғақтар тапты. Банктен жымқырылған акшаны заңдастырудың жаңа схемасы ашылды. Анықталған фактілерден Әблязов Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде жұмыс істеген ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік етті деген күдік туып отыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

«ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 208-бабы 1-бөліміне сәйкес, күдікті жауап алуға шақырылады. Алайда Әблязовтің Қазақстанда болмауына байланысты Жемқорлыққа қарсы қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында күдіктіні жауап алуға шақырту туралы хабарлама жариялайды», – деп мәлімдеді Ұлттық бюродан.

«Күдікті Әблязов 2017 жылдың 10 ақпаны сағат 17:00 дейін Астана қаласы, Сейфуллин көшесі,37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс», – деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.

ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөліміне сәйкес, күдікті Әблязовті шақыру туралы хабарлама республикалық БАҚ-та, тұрып жатқан мекенжайы бойынша Францияның және жақын туыстарының тұрғылықты жері бойынша Италияның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Талқылау