Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банктің экс-қызметкері сотталды

Көкшетауда 45 адамды алдаған Ұлттық банк тің бұрынғы қызметкері істі болды. Ол сенімге кіру үшін әр клиентін отбасымен таныстырып отырған. Осыдан кейін Аягуль Қасымова үйдің бастапқы жарнасы деп 42 миллион теңге алған.-деп хабарлайды КТК арнасы.

18

 

Оқиға үш жыл бұрын басталған. Ол кезде Қасымова Ұлттық банктің жергілікті кеңсесінде істеп жүрген. Ол клиентеріне болашақ үйдің суреттерін де көрсетеді екен. Уәделі уақытында үйге қолы жетпеген азаматтар берген ақшаны талап ете бастаған. Алайда Қасымова қайтаруға асықпаған. Бүгін сот оны 4 жыл 8 айға мүлкін тәркілей отырып бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оның 9 және 4 жастағы баласы болғаны үшін сот осындай жеңіл жаза үкім етіпті. Айыпталушы сотта өз кінасын мойындаған жоқ.

4 жыл 8 ай дегеніңіз ол үшін өте аз. Біз қайта шағым жазамыз. Ол өте жеңіл жаза алып отыр, -деді жәбірленуші Дина Салтанат

Талқылау