Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк 10 мың теңгелік «жаңа» банкноттың пайда болуына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк әлеуметтік желілерде «жаңа» 10 мың теңгелік туралы тарап жатқан хабарламаға қатысты пікір білдіріп, күлгін түсті банкнотты айналымға шығармағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ұлттық банк «жаңа» 10 мың теңгелік туралы: Мұндай ақша жоқ

«Біз 10 мың теңгелік жаңа қағаз ақшаны шығаруды жоспарлап отырғанымыз жоқ. Мұндай ақша жоқ және шығарылымы жоспарланбаған», – делінеді ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, желіде күлгін түсті 10 мың теңгелік қағаз ақшаның суреті тарап кеткен. Оның бір жағында бүркіт бейнеленсе, екінші жағында Астанадағы «Нұр Әлем» белгісі бар. Қағаз ақшадағы жазу латын қарпінде жазылған. Тіпті, мемлекеттік ту мен сериялық нөмірі де көрсетілген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау