Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы желідегі өзіне қатысты сындар жайлы айтты

Ақышев әлеуметтік желідегі теңге құнына қатысты ақпаратты бақылап отырмайтынын, бірақ, айтылған сындарды адекватты әрі сындарлы деп есептейтінін айтты.

10259749

Бұл туралы Қазақстан-Жаңалықтары хабарлайды.

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев соңғы кездері теңгенің бағамына қатысты өзінің атына айтылатын сындарды «адекватты әрі сындарлы» деп есептейді.

«Мен әлеуметтік желіде жоқпын. Көмекшім болған жайтты айтып отырады. Сын бар, әрине, оған түсіністікпен қараймын. Оны адекватты әрі сындарлы деп қабылдаймын»,- деді Данияр Ақышев.

Ақышев Ұлттық банктің төрағалығына қарашаның 2-сі күні тағайындалған еді. Қайрат Келімбетовтың орнына жаңа төраға тағайындалғаннан кейін Ұлттық банк ішкі айырбастау нарығында Ұлттық банк пен Ұлттық қордың резервтерін сақтап қалу үшін қаржыны ықшамдайтынын айтқан еді.

Қазақстан 20 тамыздан бастап теңге бағамын еркін саудаға жіберген еді. Осы уақыт аралығында теңге екі есеге ( 1 АҚШ доллар бағасы 188,38 теңгеден 349,12 теңгеге көтерілді) құнын жоғалтты деп айта аламыз.

Талқылау