Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы келесі жылы қазақ тілінде сайрап тұруға уәде берді

Ұлттық банк төрағасы келесі жылы қазақ тілінде сайрап тұруға уәде берді. Сауалға тек орыс тілінде жауап беретін Данияр Ақышев тура бір жылдан кейін журналистерге қазақша сұхбат бермек.

1456984225_a

Сурет matritca.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мемлекеттік тілге шорқақтығы үшін сын естіп қана қоймай, мәжіліске “төлем туралы” заң жобасын ала келген төраға депутаттар тоқпағына да ілікті.

Негізі ұлттық банк төрағасы мәжіліске жақсы жаңалықпен келгендей болған. “Заңды мақұлдасақ, ақша алу-салу жеңілдейді, төлем тез барады” деп ауыз толтырған. Алғашқы екі сауалдан-ақ сынға іліккен төрағаның тек орысша жауап беруі де тілшілердің қытығына тиді.

Бүгінгі мерекені ұмытпаған мәжілісмендер жиында балалар жайын да талқылады. Басты проблема: балаларды желіге ата-анасының рұқсатынсыз тіркеуге тыйым салу керек. Себебі интернеттен қоқыс ақпаратты оңай оқитын балғындар арасында суцид пен зорлық артқан. Ал 15-18 жас аралығындағы қыздардың 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатыпты.

Бұған дейін депутаттар шалғай ауылдарда әлі күнге банкомат жоқ деп, бас банкирді сынның астына алған еді.

Талқылау