Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағасы долларға сұраныс азайды деп мақтанды

Ұлттық банк доллармен депозит ашуға шектеу қоймайды. Әйтсе де елімізде АҚШ ақшасына сұраныс азайып кеткен. Соңғы он жылда мұндай төмен көрсеткіш болмапты. Еліміздің батыс өңірін аралап жүрген бас банкир Данияр Ақышев теңгемен депозит ашқандардың сыйақы көлеміне қызығып отырғанын айтады деп хабарлайды КТК телеарнасы.

image127896

Сурет m.caravan.kz

Өйткені оны 14 пайызға дейін өсіріп, керсінше долларға қатысты сыйақыны 2 пайызға дейін төмендеткен еді. Қазір соның арқасында ұлттық валютамен ақша жинайтындар көбейген. Тек Ақтөбе облысының өзінде тұрғындардың депозитке салған ақшасы 390 миллиард теңгеге жетіпті. Сондай-ақ, Ұлттық банк АҚШ валютасымен несиеге үй алғандардың арызын әлі қабылдап жатыр. Әзірге 12 мың тұрғынның қарызын теңгеге ауыстырып, қайта қаржыландырған.

“Доллармен берілген ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға қатысты талаптарды өзгертпекшіміз. Ол ұсынысымызды жақында Үкіметте өтетін жиында айтамыз. Біраз жеңілдіктер болады. Осы мемлекеттік бағдарламаға бірқатар қаржы ұйымдарын қатыстыруды да ойластырып отырмыз”, – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев.

Талқылау