Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің күрт құлдырау себебін түсіндірді

АҚШ доллары күннен-күнге шарықтап, ұлттық валюта құнсызданып барады. Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгілік сессияның сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 363,15-ке жетті. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,8% -ға көтерілген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық банк теңгенің күрт құлдырау себебін түсіндірді

Теңгенің бұлай бірден әлсіреуі дамушы елдердің валюталарының әлсіреуіне байланысты болып отыр.

«Дамушы елдердің валюталарының әлсіреуінің негізгі себебі геосаяси шиеленістер. Сондай-ақ, валюталардың әлсіреуі АҚШ-тың Ресей, Қытай, Түркия секілді бірқатар дамушы елдерге қарсы протекционистік және санкцияланатын саясатына да тікелей байланысты. Себебі, бұл дипломатиялық қарым-қатынастардың нашарлауына алып келеді»,-деп түсіндірді Ұлттық банктен.

Бұған қоса, экономикадағы оң үрдістің ықпалында АҚШ федералдық резервтерінің пайыздық үстемелері өсіп, АҚШ доллары әлемдік қаржы нарығында да айтарлықтай нығайған.
Ал, бұл факторлар дамушы елдердің нарығындағы капиталдың дамыған елдер нарығына құйылуына ықпал еткен.

«Қазіргі уақытта тарифтерді қалыптастыру іргелі факторлардың ықпалымен жүреді. ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығындағы ахуалды үнемі қадағалап отырады және қажет болған жағдайда теңгенің айтарлықтай және тұрақсыздандыратын қысқа мерзімді ауытқуларын тегістеуге бағытталған интервенцияларды жүзеге асыруға дайын»,-деді Ұлттық банкттен.

Айта кетейік, Ұлттық Банк бұған дейін теңгенің әлсіреуіне байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау