Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк теңге курсын өзі бақылайтын болды

Қазақстанда теңгенің долларға қатысты ресми бағамын және Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталық операцияларын анықтау жүйесі өзгереді, деп жазады Stan.kz.

«2018 жылдың 10 қыркүйегінен бастап теңге курсы KASE-тегі Т+1 есебі бойынша негізгі және қосымша сессиясы қорытындысымен орташа биржалық курс негізінде есептеледі. Долларға ресми теңге бағамын қалыптастыру ережелері өзгермейді. “USDKZT_TOD” секторынан (мәміле жасалған күнгі есеп) “USDKZT_TOM”    (мәміле жасалған күннен келесі күнге есептеу) сектор аумағына ауысу», – деді банк хабарламасында.

Финрегулятор валюталық операциясы биржада осы жүйеде іске асады. Ұлттық банктегі бұл жүйе халықаралық тәжірибеде стандартты түрде қолданады.

Келісімдердің көбі «бүгінгі» күнмен жасалады. Қыркүйекетен бастап «Ертенгі күнмен» жасалатын болады.

“Т+1” – бұл алдын ала болжанатын нарық. Себебі мәмілелер доллар керек болатынын алдын ала білетін клиенттердің өтінішімен жасалады. Көлемі де аз болады.

Ұлттық банкке көлемі аз осы нарықпен жұмыс істеген ыңғайлы. Сондықтан доллар бағамының долларға шаққандағы бағамы тура және тұрақты болады.

Есептеудің жаңа түрі әлемдік қаржы нарықтарына ықпалдастыруға, сыртқы нарық портфельдері арқылы өтімділікті арттыруға көмектеседі, бұл Clearstream жүйесіндегі мемлекеттік бағалы қағаздар үшін маңызды болып табылады. Бұдан бөлек,коммерциялық банктердің өтімділігін болжайды, бұл валюта мен ақша нарығындағы құбылмалылықты төмендетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау