Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа дизайндағы 500 теңгені шығарудың не себепті қажет болғаны айтылды

ҚР Ұлттық банкінің өкілдері жаңа шыққан 500 теңгелік купюралардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш купюраны дайындаумен Ұлттық банктің дизайнерлер тобы айналысқан. Ұлттық валютаның банкноттарын жасау техникалық жағынан алғанда күрделі процес.

Оны жасауға қолданылатын технологиялар мен баспа тәсілдері және қорғаныс элементтеріне байланысты 1-ден 3 жылға дейінгі арылықта уақыт кетеді. Жаңа шыққан купюра айналымға 22 қарашада енгізілді.

Ақшаның дизайнына қатысты кейбір азаматтарымыздан түрлі сауалдар да туындады. Қазақстандықтар әлеуметтік желіде банкноттың сыртындағы шағаланың суреті «Википедия» электронды энциклопедиясындағы құсқа ұқсайтынын айтты.

«Жаңа банкноттағы шағаланың суреті аталмыш құстың танымалдығымен байланысты пайдаланылды. Шағаланың жаңа 500 теңгелікте тұрған суреті барлық қанаттыларға тән және мұндай көріністерді көптеп кездестіруге болады»,- деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Сонымен қатар олар банкнотқа салынған бейнелердің барлығын дизайнерлер қандай да бір графикалық редакторларды қолданбастан, таза қолмен салатындығын айтты. Бұл өндіріс барысындағы міндетті әрі аса қажетті үдеріс.

Сондай-ақ оның өзге белгілері де таза қолмен жасалады.

«500 теңгелік жаңа банкнот 2006 жылы шыққан 500 теңгенің негізгі детальдарын сақтап қалды. Олар: ақшаның көлемі, түсі, басты сюжет – Каспий теңізі мен ондағы шағалалар. Ұлттық валюта банкнотының дизайны, оның шығарылуы мен айналымға енгізілуі ҚР Ұлттық банкі тарапынан бекітіледі»,-деді қаржы реттеуші ұйым қызметкерлері.

«500 теңгелік банкноттың дизайны 2006 жылдан бері өзгермеген. Ал бүгінгі күнге дейін баспа және компьютерлік технологиялар айтарлықтай жетіліп, қалың көпшілік оны кеңінен пайдаланатын жағдайға жетті.

Осы орайда ҚР Ұлттық банкі де ұлттық валютаны жалған ақша жасаушылардан қорғау үшін банкноттардың қорғаныс қасиетін нығайтуда жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді. Банкноттардың уақыт өте өзгеріске ұшырауы да осыған байланысты.

«Бәйтерек» сериясындағы ақшалардың бірте-бірте 2011 жылдан бері шығарыла бастаған «Қазақ елі» банкноттарына алмастырылуда. Жаңа 500 теңгеліктің шығуы осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы»,-деді Ұлттық банк өкілдері.

Жалпы, «Қазақ елі» сериясындағы банкноттардың барлығында бейбітшіліктің нышаны іспеттес – көгершіндер бейнеленген. Шағалалардың бейнесі сондай-ақ Қазақстан астанасындағы «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Хан шатыр», «Астана арена», «Триумфалды арка» сияқты ғимараттарда да кеңінен қолданылған. 2017 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттың бетінде «Қазақ елі» монументі мен ҚР парламенті сенатының, Тәуелсіздік сарайының, «Сарыарқа» велотрегі, «Мәскеу» бизнес-орталығының ғимараттары көрініс тапқан. «Жаңа ақшада бейнелетін нысандар – дизайнерлердің таңдауы.

Олар бұл мәселеге шығармашылық тұрғыдан қарайды, яғни, дизайнер бакноттағы бейнелердің өзге белгілермен қалай үндесетіндігіне назар аударады»,-деді Ұлттық банктегілер.

Ал, келесі кезекте қандай банкноттың жаңаратындығы және ондағы белгілер латын әліпбиінде жазылуы мүмкін ба деген сауалға банк қызметкерлері – банкноттағы жазулар мен ұлттық валютадағы шақалардың бейнелерін өзгерту жұмыстары ҚР Президентінің 2017 жылдың 26 қазанындағы «Қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына көшіру туралы» № 569 Жарлығына сәйкес жүргізілетіндігін айтты.

Оқи отырыңыз:

Атышулы “Қалаулым” шоуының қатысушылары тікелей эфирде отбасын құрды (видео)

Қайрат Түнтеков 4 жылдан бері фонограммамен өтетін концерттерден бас тартып келген

Ақбота Сейітмағамбетті шоу-бизнестен шеттетіп тастаған кім?

Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым

Қайрат Түнтеков: Жол апатына қатысты сот процесі әлі жалғасуда

 

Талқылау