Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк наурыз айында теңгені тұрақтандыру үшін 1,2 млрд доллар сатып алды

Қазақстанның Ұлттық банкі наурыз айында теңгені күшейту үшін 1,236 миллиард доллар сатып алған. Наурыз айында сұраныстың тым төмендеп кетіп, шетелдік валюталарға деген ұсыныстың күшеюіне байланысты ішкі валюта нарығында қатаң бақылау жасалды.

15774-6-srednevzveshennyi_kurs_ru

Сурет liter.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Ұлттық валюта Қазақстанға кіретін негізгі табыс көзі мұнай бағасының өзгеруіне байланысты құбылып тұр. Былтырғы жылы теңге өз күшін екі есеге дейін төмендетіп алған, әйтсе де осы наурыз айында 2 пайызға қайта күшейе алды.

“2016 жылдың наурыз айында Ұлттық банк ішкі валюта нарығында интервенция жасап жалпы сауданың 42 пайызын құрайтын (2,960 миллиард доллар) 1,236 миллиард доллар сатып алды”, – дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Ал ақпан айында небәрі 474 миллион доллар сатып алынған еді.

Сондай-ақ, бас банкир теңгенің ішкі нарықта біртіндеп күшеюіне депозиттердің теңгемен сақтала бастауы да өз әсерін тигізгенін айтты.

“Депозиттердің теңгелей мүмкіндігін арттырып және біздің азаматтардың жинағандарының қорғалуы” үшін Қазақстандық қор депозит кепілдемесін 1 ақпаннан бастап жоғарғы өтемақы өлшемін ұлттық валюта бойынша 14 пайыздан 10 пайызға төмендеткен. Бұл шетелдік валюта бағамы бойынша 3-еуден 2 пайызға дейін түсірілді.

“Ұлттық банк шағын сауда көлемі жағдайында теңгенің ауытқуына жол бермейді. Валюта нарығы өте тар, сондықтан ірі қатысушылардың жекелеген операциялары курст динамикасына әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде нақты трендке сай келмейді”, – деді Ақышев.

Ақышевтің сөзінше Ұлттық банктің алтын валюта резерві ақпан айындағы 27,8 миллиард доллар көрсеткішінен наурыз айында 28,5 миллиард долларға дейін өскен. Ұлттық қор активтері наурыз айында 1,2 пайызға, яғни, 64,3 миллиард долларға артқан. 2016 жылдың наурыз айының аяғында жалпы елдің тұтас халықаралық артық қоры алдын-ала дерек бойынша 92,8 миллиард долларды құрап отыр.

Талқылау