Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк Қожанасырдың бейнесі салынған ескерткіш монеталарды шығарады

ҚР Ұлттық банкі бірнеше ескерткіш монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметінен.

1444727117_nacbank

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының №2155  Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2015 жылғы 25 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік, «proof» сапасымен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Алқа» ескерткіш күміс монеталарын, номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен күмістен және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан «Шығыс ертегісі» (Қожанасыр) ескерткіш монеталарын, номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен биколорлы және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Ғарыш» монеталар сериясынан «Венера-10» ескерткіш монеталарын шығарады.

Сонымен бірге номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан                  «І.Есенберлинге 100 жыл», «Ж.Тәшеневке 100 жыл», «Е.Бекмахановқа 100 жыл» ескерткіш монеталары айналысқа шығарылады.

 

“І. Есенберлинге 100 жыл», «Ж. Тәшеневке 100 жыл”, «Е. Бекмахановқа 100 жыл» монеталарының бет жағының сипаттамасы:
20151225105415

Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы бейнелер бірдей.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан.

«І. Есенберлинге 100 жыл» монеталарының сырт жағының сипаттамасы:
20151225105434 (1)

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қазақтың классик жазушысының бейнесі, оның туындыларына иллюстрациялар үзіндісі, «ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН» деген жазба, «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылы бейнеленген.
Ілияс Есенберлин – қазақтың классик жазушысы, «Көшпенділер» трилогиясының және басқа да әйгілі әдеби туындылардың авторы.

«Ж. Тәшеневке 100 жыл» монеталарының сырт жағының сипаттамасы:

20151225105443

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның мемлекет қайраткерінің бейнесі, «ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ» деген жазба, Қазақстанның мемлекеттік рәмізінің элементі, «100 ЖЫЛ» деген жазба және соғылған жылы бейнеленген.
Жұмабек Тәшенев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, Солтүстік Қазақстанның бес облысының аумағын көрші республикаға беруден сақтап қалған ҚазКСР Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы.

«Е. Бекмахановқа 100 жыл» монеталарының сырт жағының сипаттамасы:

20151225105446

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның тарихшы ғалымының бейнесі, «ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ» деген жазба, «100 ЖЫЛ» деген жазба, оның факсимилесі және соғылған жылы бейнеленген.
Ермұхан Бекмаханов – Қазақстанның тарихшы ғалымы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, «Қазақ КСР тарихы» алғашқы оқулығының авторы.

Талқылау