Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк “Халық банкі” мен “Қазкомның” бірігуіне қатысты түсініктеме берді

Бірігуге қатысты келіссөздерді бастап кеткен Qazkom мен Халық банкінің мәселесіне Ұлттық Банк араласты, деп хабарлайды КТК.

e94ad42e616aefa677ffda2b3660721f-small

Еліміздің бас қаржы ұйымының өкілдері өзінің сыртынан тон пішіп, акционерлерді оңды-солды ауыстыруға 2 ірі банктің де құзыреті жоқ деп ашығын айтты.

Қаржы ұйымдары ең алдымен депозит салғандар мен несие алғандардың ертеңгі жағдайын ескеруі тиіс. Тек клиенттердің қаржысына кепілдік берілген жағдайда ғана бірігу туралы қандайда бір сөз қозғауға болады дейді Ұлттық банктегілер. Оның өзінде де Qazkom пен Халық банкі акционерлерді өз бетімен ауыстыра алмайды екен.

Еліміздің екі бірдей банкі күтпеген жерден келіссөзді бастап жатырмыз деп сайттарына жарыса жазған болатын. Бұл – қаржылық қиындықтардан шығудың амалы болуы мүмкін. Ал жағдайды енді өз бақылауына алған Ұлттық банк өкілдері оларға қойылатын талап күшейеді деп отыр.

“Qazkom мен Халық банкі бірігу үшін Ұлттық банктен келісім алуы тиіс. Бұл жағдайды біз міндетті түрде жіті қадағалаймыз. Барлық құжаттарды зерттеп, салымшылардың құқығы қорғалған жағдайда ғана басқарма шешім шығарады”, – деді Ұлттық Банк департаменті директорының орынбасары Әнуар Ізбасаров.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда көліктердің бағасы күрт қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда 2017 жылы жанармай бағасы қымбаттайды деп болжануда

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Алматылықтар қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның жоғалып кеткенін байқаған

Талқылау