Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк «Доңыз жылы» монетасын айналысқа шығарады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2018 жылғы 19 қарашада номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Доңыз жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық банкке сілтеме беріп.

Ұлттық банк «Доңыз жылы» монетасын айналысқа шығарады

«Доңыз жылы» монеталары осы серияны жалғастыратын, алтын және күміс монеталардың тоғызыншы жұбы болып табылады. 2019 жылғы 5 ақпаннан бастап шығыс күнтізбесі бойынша доңыз жылы басталады.

Он екі қырлы монетаның идеясы жыл символын монетаның ішкі жиегінен ортасына қарай жылжыту арқылы жыл символының бейнесін жыл сайынғы ауыстыруға негізделген. Күнтізбе кейіпкерлері Еуразия халықтары космогониялық көріністерінің пластикасында орындалған.

Монеталардың дизайнында Алматы қаласының «Шығыс күнтізбесі» субұрқағының мүсіндік композициясының бейнелері пайдаланылды. Мүсіндік композиция авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші-монументалист В. Твердохлебов А. Татариновпен және В. Кацевпен бірлескен авторлықта.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Алтын және күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтының интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау