Ұлттық банк бірнеше банкнотты айналымнан шығармақ

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 22:02

Ұлттық банк еліміздің азаматтарына биылғы қазан айына дейін ескі ақшаларын ауыстырып алу керектігін тағы ескертті. Бұл жайлы КТК арнасы хабарлап отыр.

1392100989_devalvaciya-tenge1

Сурет uralskweek.kz

Бұрын хабарлағанымыздай, енді үш жарым айдан кейін бірқатар банкноттар айналымнан алынады. Атап айтқанда, алдағы қазан айынан бастап 2006 жылы басылып шығарылған 2000, 5000, 10000 теңгеліктермен төлем жасауға тыйым салынбақ. Сондықтан Ұлттық банк тұрғындар ескі ақшаларын алдағы үш жарым айдың ішінде ауыстырып алуы керек деп отыр.

Ал оған үлгермегендер теңгелерін екінші деңгейлі банктерге өткізе алады. Ол үшін ешқандай комиссия алынбайды. Осылайша тозығы жеткен теңгелерді жаңа банкноттармен алмастырған Ұлттық банк алдағы уақытта 200 және 500 теңгеліктердің де жаңаруы мүмкін екенін жеткізді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Есхат Ахметбек says:

    Түр сипаты маңызды шығар әрине… Құны қашан жоғарлар екен? Евро, доллар , рублдердің қасында көрші кедейдің кенже баласындай боп тұрған Төл теңгеміз, қашан осылармен терезесі тең келіп, иық тіресіп тұрар екен?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар