Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк асханасының чегі украиндардың наразылығын туғызды

Украиналық желі қолданушылары елдегі Ұлттық банк асханасындағы тым ерсі төмен бағаларға бұлқан-талқан ашуланды.

1212

Бұл туралы Фейсбуктағы “Я люблю Киев” парақшасында жария етілген.

“Сіз ашсыз ба және түскі ас ішкіңіз келе ме? Кафе? Базар? Үйдің тамағы? Жоқ! Украина Ұлттық банкінің асханасы! Түскі ас – 4.81 гривен (66 теңге). Ал сіз түскі асқа қанша жұмсайсыз?”, – деп жазылған сурет астында.

Желі қолданушылары үрме бұршақ сорпасы, күріш және көкөніс салатынан тұратын түскі ас қалайша тым арзан деп түкке түсіне алар емес. Ал Ұлттық банк төрағасы Валерии Гонтаревтің бір айлық жалақысы 163 мың гривен (2,2 миллион теңге) тұрады екен.

ата

“Не деген сұмдық, ал кіру тегін бе сонда? Мен бүкіл отбасыммен барар едім. Орташа статистикалық түскі ас бағасына қарай отыра Ұлттық банк қызметкерлерінің айлығын қысқартуды талап етемін”, – деп жазған Мария Лысова есімді қолданушы.

“Бұл дегеніңіз сұмдық жағдай! Нағыз мүсәпірлер солар ау деймін”, – дейді Андрей Солейко.

“Мұндай ақшаға біреу туалет қағазын сатып алса, біреу толықтай дерлік түскі ас сатып алады”, – деп қайран қалған енді бірі.

Елдегі мектеп асханаларындағы бір тілім нанның өзі 7 гривеннен басталады екен. Мұндай алшақтық халықтың қатты наразылығын тудырып отыр.

Талқылау