Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Латвияны жеңе алмады (видео)

Кеше, 15 қарашада, «Астана Арена» алаңында Ұлттар лигасының ойыны өтіп, Қазақстанның футбол құрамасы мен Латвия командасы кездесті. Өкінішке орай, отандастарымыз латвиялық команданы жеңе алмады. Ойын 1:1 есебімен тең дәрежеде аяқталды.

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Латвияны жеңе алмады

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ойынның 37-минутында қазақстандық Ғафуржан Сүйінбаев Латвия командасының қақпасына алғашқы гол соқты.

Өз кезегінде қарсылас команда тартысты ойын көрсетуге тырысып, ойынның бірінші кезеңінен кейін шабуылды үдетті. Ойынның 49-минутында Денис Ракель есеп теңестірді.

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Латвияны жеңе алмады

Футболшылар арасындағы ойын тартысты өтті. Десе де ойын кезінде командадағы Тұрысбекті Алексей Щеткинмен, Мұртазаевты Максим Фединмен алмастыру, қарсылас команданың қақпасына жету үшін жасалған көптеген талпыныс еш нәтиже бермеді. Ойын 1:1 есебімен тең дәрежеде аяқталды.

Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Латвияны жеңе алмады

19 қарашада Тбилисиде Қазақстан құрамасы Грузия командасымен ойын көрсетеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау