Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкендігі грек жаңғағындай: Маңғыстау облысында жауған бұршақтан мал қырылып қалды (видео)

Маңғыстау облысында үлгендігі грек жаңғағындай болатын бұршақ жауды. Үлкен бұршақтың салдарынан жайылымда жайылып жүрген мал қырылып қалған.

Үлкендігі грек жаңғағындай: Маңғыстау облысында бұршақтан мал қырылып қалды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі «Лада» порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 24 мамырда Үштаған аулында орын алған.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бірнеше минуттың ішінде жердің бетін бұршақ қабаты басқан. Қар басып қалғандай болды, дейді олар.

 

Үлкендігі грек жаңғағындай бұршақтың салдарынан ашық жерде жайылып жүрген мал өліп қалыпты. Сонымен қатар өсімдіктер де зардап шеккен. 

 

Талқылау