Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлдарының ауысып кеткенін 4 жылдан кейін білген ата-аналар балаларын қайта ауыстырмаған

Екі отбасы балаларының ауысып кеткенін 4 жыл өткен соң білген. Алайда бауыр басып қалған ұлдарын ауыстыруға қимапты.

Оқиға Қытайда болған. Чэн Чэнфэй есімді азамат пен әйелі Цзи Гохуа ұлдары Чэн Вэньцзяньның туған бала емес екенін 4 жыл өткен соң біледі. Әйелдің бала-бақшада жұмыс істейтін әпкесі топтағы бір баланың ағасына ұқсайтынын айтады. Баланың әкесі ол баланы сыртынан бақылап көреді.

Кейіннен анасының өз әйелімен бірге перзентханада жатқанын еске алады. Ақыры екі отбасы келісіп, жағдайды  тексереді. Перзентхана қызметкерлері балалардың ауысып кеткенін мойындап, әр отбасыға өтемақы ретінде 200 доллар төлеуді ұсыныпты. Ата-аналар қаражатты алғанымен, балаларын қайта ауыстырмайды.

«Кездесуде біз қанмен келген тусқандықтан гөрі махаббаттың маңыздырақ екенін түсіндік» – дейді Ло Сухуй.

Ал, балалардың өздері ер жеткен соң 30 жылдан кейін ғана ата-анасының туған еместігін білген.

Тағы да оқыңыз:

Көрермендер көзі ерекше тележүргізушіні көріп шошыды (видео)

Анасы құрсағындағы сәбиінің түрін көріп шошыды

Психологтың өзін ұйықтатып тастадым: Ақтөбелік имам адам бойындағы жындарды қалай шығаратынын айтты

Талқылау