Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уланған ақтаулық отбасы тамақтанған азық-түліктердің бәрі жеуге жарамсыз болған

Ақтауда алты адамнан тұратын отбасының неден уланғаны анықталды. Алғашында, күдік сақтау мерзімі өтіп кеткен шұжыққа түскен болатын. Қазір олардың улануына тек шұжықтың ғана емес басқа да азық-түліктердің себеп болғаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Уланған ақтаулық отбасы тамақтанған азық-түліктердің бәрі жеуге жарамсыз болған

Сарапшылар басқа өнімдерден де, сондай-ақ ересектер мен балалар тамақтанған ыдыстан да ішек таяқшасы мен стафилококк инфекциясын тапты. Ал, соның салдарынан осы отбасының 3 жасар баласы ажал құшқан еді.

«Зертханалық зерттеулерге алынған «Краковская» шұжығында ішек таяқшасы және патогенді стафилококк бактериялары пайда болғаны анықталды. Сондай-ақ, пісірілген макарон мен құрғақ сүттен де ішек инфекциясы табылды. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, азық-түліктердің мерзімі өтіп, бүлінген және сапасы нашар. Яғни, тиісінше, жеуге жарамсыз болған өнімдер», – дейді Ақтау қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Асия Турдиева.

Бірақ, сарапшылардың пікірінше, үш жасар баланың өлімі уланудан болған. Санэпидемиологтар бала уланғандықтан өте әлсіз болды және ағзасы инфекциямен күресе алмады деп санайды. Қайғылы кешкі асқа дейін бір апта бойы баланың дене температурасы жоғары болған екен. Сондай-ақ, осы отбасының тағы бір баласы 2 жасар кенжелері де емге мұқтаж. Ауруханаға түскен үш баланың бәрі әлі де дәрігерлердің бақылауында. Ал, ата-аналары ауруханадан шықты. Олар, бақылау және қорғаншылық органдары тарапынан бақылауға алынды.

Естеріңізде болса, Ақтауда 3 жасар бала шұжықтан уланып көз жұмған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау