Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлан Қонысбай емін Италияда жалғастыруға мәжбүр болды

Қытай командасымен жолдастық кездесу кезінде аса ауыр жарақат алған қазақстандық спортшыны емдеуге сол елдің дәрігерлері қауқарсыз екендерін айтқан. Осыдан кейін спортшы Италия медицинасының көмегіне жүгінді.  Ерлан Қожағапановтың сөзінше ондағылар  Ұлан Қонысбаевты үш апта емдеу курсынан өткізуді жоспарлап отыр екен.

қонысбаевввв

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбайды Италияда медициналық тексеруден өткізу кезінде бойынан инфекция табылған.

“Өкінішке қарай, атақты Қытай медицинасы Ұлан Қонысбаевтың толық емдеу курсын жүргізе алмады. Италияға келгеннен кейін біздің ойыншыдан инфекция табылды. Алдағы уақытта Ұлан Қонысбаев үш апта емдеу курсынан өтеді. Кейін сауықтыру курсы белгіленеді. Италиялық мамандар Ұлан бауырымыздың ем-домын толық бақылауға алды. Алла қаласа, енді тек жақсы жаңалықтар күтеміз!”,-деп жазды  Ерлан Қожағапанов.

Талқылау