Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украиналықтар Тарас Шевченко туралы фильмді Маңғыстауда түсірмек

Украинада Тарас Шевченко туралы толықметражды көркем фильмді түсіру жұмыстары басталып кетті. Украин ақынының өмірін бейнелейтін картина Одесса жерінде, сондай-ақ Маңғыстауда да түсірілмек.

вмфыф

Ақтаудағы Т.Шевченко ескерткіші

Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

«Тарази. Прощание с пустыней» фильмі жұмыстарымен қазақстандық Sky Production, украиналық «Инсайт Медиа» және «Одесская киностудия» компаниялары айналыспақ. Прокатқа 2017 жылдың күзінде шығады деп жоспарланып отырған фильм бюджеті 600 миллион теңгені құрайды.

Кинокартинаның режиссері украиналық киносуретшгі және жазушы Александр Денисенко.

“Біз кастинг жариялаймыз. Мен сценарий жазған кезде Тарас Шевченконы қайтсам “өзіне қайтарамын” деп ойладым. Кастингте харизмасына, тұлғалығына баса мән беріледі”, – дейді режиссер. Ол сондай-ақ тек ғана бұрын-соңды кино әлемінде бағын сынағандарды ғана түсірілім алаңына шақырмақ. Кастингке украин тілін меңгерген шетелдік актерлер де қатысуы мүмкін.

“Егер ол шетелдік бола тұра тіл біліп, ішкі түйсігін қосып Шевченконы ойнай алса бұл керемет болар еді. Егер көңілден шығып жатса басты рөлге де алар едік”, – дейді Денисенко.

Картинада бірқатар эпизодтық рөлдерде қазақстандық актерлер де ойнамақ. Алғашқы түсіру кезеңі осы көктемде басталмақ. Бұл кезеңде тек ғана Маңғыстаудағы түсірілім жұмыстары жүргізіледі. Фильмнің негізгі желісі 1857 жылдан бастау алады. Ол Шевченконың әскер қатарында жүрген кезі болатын.

“Біздің мақсатымыз – тарихи жерлерді көрсету: мавзолей, зираттар, жерасты мешіттері, үлкен тастар мен жоталар. Оқиғалардың сол жерде өрбуіне орай тарихи орынға айналған жерлер фильмде көрінеді”, – дейді кинопродюсер Дмитрий Котеленец.

Талқылау