Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада София Ротаруға «сатқын» деген атақ таңылып жатыр

«Украина қаһарманы», белгілі әнші София Ротаруға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Мәскеуде «Россия-1» телеарнасында өткен «Көгілдір от-2016» хабарына түсіп, ән салғаны үшін оған өз елінде мемлекет сатқыны ретінде баға беріліп жатыр.

88700169

«Әншінің «Россия-1» телеарнасында концертке қатысуы украиналықтардың қатты ашу-ызасын туғызды», – делінген хабарламада.

Волонтер Ричард Горда өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына Украинаның 68 жастағы халық әртісінің фотосы мен видеосын орналастырған. «Біздің талқымызға. 2015-2016 жж. «Россия телеарнасындағы жаңажылдық концерт. Бұл монтаж емес, бұл – шындық. Патриоттар Украинаны қорғап, қаза тауып жатқанда, София Ротару «Россияда» көңіл көтереді. Біздің ұрпақ оның әндерімен ер жетті, бірақ мен үшін ол енді жоқ адам…», – деп жазады Горда.

Осыдан кейін ұлтшылдар 2002 жылы «Украина қаһарманы» атағын алған әйгілі әншінің әрекетіне өздерінің қызу қарсылықтарын білдіре бастайды.

«Мен естен танып тұрмын… Ол бұған қалай барған??? Жақында ғана Ротару сұхбат беріп, онда әншіге неге өз концертін қоймайтыны туралы сұрақ қойылды. Бұған Ротару өз елінде соғыс жүріп, адамдар қырылып жатқан сәттерде көңіл көтере алмайтынын айтып, жауап қайтарған еді… Мен оны шынын айтып тұр деп ойлағам… Бірақ олай болмай шықты… Менің ол жөніндегі пікірім жақсы-тын».

«Ол мұны бекер жасады. Былайынша, ақылды-ақ сияқты. Бұл оған тағы бір минус!».
«Ротару 2004 жылы «Аймақтар партиясын» көпшілік алдында жақтап, жұртты «Бұл дегенің – кәдімгі бизнес. Ал сізге патриотизм керек болса, Анастасия Приходькоға айтыңыз. Міне, тап сондықтан ғана оның аты БАҚ-тардан естілмейді. Патриотты басқару қиын, ол билік үшін жаман үлгі».

«Адамдар, Ротару кім үшін онсыз тұруы мүмкін емес сүйікті әнші? Мен ондайды 30 жылдан бері көрген жоқпын».

Ұлтшылдар София Ротаруды қазір мемлекетті сатушы ретінде санап, оны «Украина қаһарманы» атағынан айыруды сұрап жатыр. Олар тап осындай буырқанған наразылықты қалжыңбас «кроликтер» дуэті (Владимир Данилец, Владимир Моисеенко) мен әнші Наталья Королеваға да білдіріп отыр.

Талқылау