Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина – Солтүстік Ирландия матчы кезінде жанкүйерлердің бірі көз жұмды

Футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің екінші туры аясындағы Украина – Солтүстік Ирландия матчы кезінде жанкүйер көз жұмды.

607758675_ms_9379_d754edbf73fbce33f2021eb7260b8c1e_3291_650x410

Сурет rbc.ua

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Лиондегі “Стад де Люмьер” стадионында сағат 19:00-ден кейін жанкүйерлердің бірінің жүрек талмасы ұстаған. Дәрігерлер жедел көмекке келгенмен, оны ажалдан арашалап қала алмады.

Порталдың мәліметінше, 64 жастағы ер адамның ұлты әзірге белгісіз, белгілісі Солтүстік Ирландия құрамасына жанкүйер болған.

Айта кетейік, Украина – Солтүстік Ирландия құрамаларының кездесуі 2:0 есебімен ирландиялық команданың жеңісімен аяқталған болатын.

Талқылау