Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Ресейдің Қырымды әскери база ретінде қалыптастырмақ ниетте екенін мәлімдеді

Ресей Қырым жеріндегі әскери объектілерде жаңа қарулардың санын артыруда, – деп мәлімдеді Украинаның Қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының төрағасы Вадим Скибицкий.

_90803169_rian_02728622_hr_ru

Фото: РИА Новости

«Ресей Федерациясынан келетін әскери техника мен жаңа қарулану жүйесі дамып жатыр. Мұның бәрі Қырымды түбегейлі әскери база ретінде қалыптастыруға бағытталып отыр», – дейді Скибицский телеарнаға берген сұхбатында.

Ол Украина үшін ең әуелі ядролық қаруды таситын техниканың қауіпті екенін айтады. Мәліметке сүйенсек, Ресей суасты қайықтар мен ғарыш катерлерін, әскери авиация күшін арттырып жатыр.

Өткен аптада Ресей 8 тамыз күні Қырым жерінде Украинаның арнайы қызметінің қатысуымен теракті болғанын мәлімдеген.

Украина өз кезегінде барлық айыптауларды теріске шығарды. Ресей мәлімдемесінен кейін елдің Қырым мен шығыс шекарасының әскери күшін нығайтты.

Жіберіп алмаңыз:

Украина қазақстандықтардың Қырымда демалуына қарсылық білдірді

Джордж Сорос: Ресей әлемдік державаға айналып келе жатыр

Талқылау