Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Украина-2013 аруы» күйеуін таза ауада демалам деп алдап АҚШ-қа қашып кеткен

«Украина-2013 аруы» байқауының жеңімпазы Анна Заячковская миландық кәсіпкермен үйлену тойы өткен соң жарты жылдан кейін жоғалып кетті. Кейіннен оның Америкаға қашып кеткені белгілі болды.

????????????????????????????????????

Фото: telegraf.com.ua 

Басылым мәліметінше, 24 жастағы Заячковский мен итальяндық кәсіпкердің тойы 2015 жылдың 22 желтоқсанында болған.

Шілде айының басында әйелі күйеуіне таза ауада демалып қайтам деп, сол күйі жоғалып кеткен. Кейіннен қыз енесіне: «Ұлыңның жанында бол. Ол періште. Оны тастап кетпе», – деп хабарлама жазып жіберіпті.

Әйелін уайымдаған күйеуі оның жоғалғанын айтып полицияға хабарлаған. 10 күндей Заячковская жайлы ешқандай мәлімет болмаған. Кейіннен күйеуі әйелінің Нью-Йоркте құрбысымен және әлдебір ер адаммен түскен суретін желіден көрген.

Ол Нью-Йоркте модель болып жұмыс істей бастаған екен. Заячковская өзімен бірге барлық құжаттарын, телефоны мен 6 мың евро көлемінде қаражат алып кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Әжей өзін жалаңаш кейпінде суретке түсіріп таратқан модельді жазалауды сұрайды

65 жастағы модель сымбатына 20 жастағы жігіттерге дейін бұрылып қарайтынын айтады фото)

Әлем аруы атанған супермодель ислам дінін қабылдады (фото)

Талқылау