Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК төрағасы: Балқаш радиоторабына шабуыл жасауға экстремистердің күші жетпес еді

Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов Қарағанды облысында ұсталған экстремистер тобының Балқашта орналасқан ресейлік әскери бөлімге шабуыл жасау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

ымымыммы

Фото: rus.azattyq.org

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бұған дейін Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік құрылымына жақын дерек көздері Қарағанды облысында 26 маусымда арнайы операция нәтижесінде ұсталған радикалды топтың Балқаш қаласында орналасқан ресейлік әскери бөлімге шабуыл жасамақ болғаны туралы айтқан еді.

“Әуе қорғанысына қарсы жүйеге шабуыл жасау үшін олардың күші жетпейді деп ойлаймын. Бірақ, негізгі нысандарға шабуыл жасауды мақсат тұтты деген нұсқаны біз зерттеп жатырмыз”, – деді Жұмақанов.

Ал жақында Алматы облысында ұсталған төрт экстремистен тұратын топқа байланысты, ҰҚК төрағасы олардың дәстүрлі емес діни ағымға қатысы бар екендігін растады.

“Олар қазір тұтқында. Іс-әрекеттеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олар да осы салафиттер идеологиясын ұстанушылар”, – деді Жұмақанов.

Бұған дейін Алматы облысында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлері 18 тамыз күні арнайы операция жүргізіп, Қазақстан аумағында теракті жасауды жоспарлаған радикалды топтың төрт мүшесін қолға түсірген еді. Қазақстан және Қырғызстан азаматы болып табылатын күдіктілерден өз-өзін жару құрылғылары мен діни-экстремистік материалдар табылған.

Талқылау