ҰҚК: Төлешов Қазақстан билігін қолына алуды жоспарлаған

Дүйсенбі, 11 Шілде , 2016 12:42

 Билікті заңсыз басып алуға әрекет етті деп айыпталып отырған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешов Қазақстанның вице-президенті болуға ұмтылып, артынша мемлекетті басқарғысы келген. Бұл туралы бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің өкілі  Руслан Қарасев мәлім етті.

толешов

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Қарасевтің айтуынша, билікті басып алу жоспарын орындау үшін  Төлешов алдымен елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасаған. Бұл үшін Төлешов 2005 және 2010 жылы Қырғыз Республикасында болған жағдайды өте мұқият зерттеген. Тіпті Қырғызстанға өзі барып, керекті материалдар мен дерек-дәйектер іздеген.

«Билікке халық арасында жаппай тәртіпсіздік орнатып, халықты наразылыққа азғыру арқылы келуге болатынын түсінген ол бұл арам пиғылын Қазақстанның батысында тез жүзеге асыруға болады деген болжамға келген. Төлешев Қазақстанның  батысында наразы топтар бар деп пайымдап, әлеуметтік-экономикалық және өзге де мәселелерді алға тарта отырып, наразы топтарды өз мүддесі үшін пайдаланбақ болған. Жаппай тәртіпсіздік пен әдейі ұйымдастырылған наразылық акцияларының барысында ол билікке ультиматум жасап, өзі  үшін вице-президент лауазымын енгізуді көздеген. Артынша, мемлекетті өзі басқаруды ойлаған»,-деп хабарлады  Қарасев

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

8
Комментариев

Пікір қалдыру


Nazym
6 ай 5 күні кері

Неге біздін қазақтар шет елдін жулдыздарына кұмар, озіміздін елде шет елдің жулдыздарынанда артык жулдыздар бар емеспа?

Сауле
6 ай 5 күні кері

Толешовте оз кылмысы ушін халык алдында жауап береді деп ойлаймын

Айбек
6 ай 5 күні кері

Еліміз тыныш болсын. Арбір адам оз кылмысы ушін жауап берсін

Марал
6 ай 5 күні кері

Шындык кашанда ашылады

Жанеркем Боранбайкызы
6 ай 5 күні кері

Ондай адамдар халыкты аясынба? Токалдары ушін жумысшылардын мандай термен тапкан енбегін жеп жатканда?

Сулушаш
6 ай 5 күні кері

Халыққа тыныштық , бейбіт өмір керек. Басқасы, бола жатар. Халықтың өзі осы бейбіт өмірге жұмылулары керек.

Анонимно
6 ай 6 күні кері

Ерте ерте ертеде…. деген екен

Палуан
6 ай 6 күні кері

Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар