Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК Тоқтар Төлешов ісіне қатысты тергеуді аяқтады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тоқтар Төлешовтың ісіне қатысты тергеу жұмыстарын толықтай аяқтады.

0

Бұл туралы Stan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2016 жылдың 11 маусымында ҰҚК өкілдері мен ҚР Бас прокуратурасының қатысуымен пресс-конференция өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкенттегі арнайы операция кезінде Тоқтар Төлешов қамауға алынған-ды. Жұмыс орны мен үйіндегі тінту жұмыстарынан кейін қарулар мен есірткі, кітап табылған. Бизнесменмен бірге тағы да үш адам ұсталған.

ҰҚК маусым айының басында Тоқтар Төлешовтың Қазақстандағы билікті басып алуды ойластырып жүргені туралы хабарлаған болатын. Ол бірнеше жылдай бері ойын жүзеге асыру үшін дайындық жүргізіп келген.

Мұнымен қатар, Қауіпсіздік комитеті Төлешовтың сыбайластарын қамауға алған.  Олар – Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары, ОҚО ІІД-ның бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, полиция полковнигі Сәкен Аитбеков, 35 748 және 55 652 бөлімшелерінің әскери командирлері Бекзат Жұмин мен Қайрат Пернебаев.

Бұған дейін Төлешовтың арнайы операция арқылы ұсталанын, оның зауытын күзеткен азаматтардың ереуілге шыққанын, оның әйгілі сыра зауыты сатуға қойылғанын хабарлаған едік. ҰҚК: Төлешовтың жер реформасына қарсы наразылық шарасын қаржыландырғанын да мәлімдеген.

Талқылау