Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК: Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілді

Сирияда лаңкестер өлім жазасына кескен бірнеше қазақстандық туралы мәлімет бар. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

ҰҚК: Сирияда бірнеше қазақстандық өлім жазасына кесілген

«Адамдарды тартушылар, әсіресе шетелдіктер, біздің азаматтармен ғаламтор арқылы байланыс орнатқан. Мұндай насихат әлеуметтік желілерде жүргізілген. Олар Сириядағы «әдемі өмірді» суреттеген. Ол жақта әділеттілік бар екенін, дін талаптарының бәрі сақталатынын айтып, сол арқылы адамдарды шырмап алды», – дейді Рахымбердиев.

ҰҚК басшысының айтуынша, бүгінде Сирия, Ирак және Ауғанстандағы  соғыс аумағында 380 қазақстандық қалып отыр. Олардың дені – әйелдер. Олармен бірге 400-500 бала тұрып жатыр.

«Олар сол жаққа барып, шындығында жағдайдың мүлде басқа екеніне көз жеткізген. Ешқандай әділеттілік жоқ екенін көрді. Ол жақта мұсылмандар мұсылмандармен, бір топ екіншісімен соғысып жатыр. Олар сол аумаққа барғаннан кейін, қайтып шығуы мүмкін емес деуге болады. Ол үшін жазалап, тіпті, өлім жазасына кеседі. Қашып шықпақ болғаны үшін бірнеше қазақстандықтың өлім жазасына кесілгені туралы мәліметтер бар», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау