Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК өкілдері “Ақтөбе ҰҚКД қызметкерлеріне сөгіс жариялау” туралы видеоға қатысты пікір білдірді

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің өкілдері YouTube сайтында 5 маусым күні “Super Kazakh” атты қолданушы жариялаған “Ақтөбедегі теракт. ҰҚКД қызметкерлері сөгіс алып жатыр” атты видеороликті қарап шықты.

Безымянный

Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

“ҰҚК баспасөз қызметі бұл видеороликтің Ақтөбедегі жағдайға және терроризмге қарсы жүргізілген операцияға еш қатысы жоқ екенін хабарлайды. Бұл видеожазба 2015 жылы “Астана” шекара бақылау отрядында түсірілген. Бұл мәселе бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді”, – деді ҰҚК өкілдері.

Комитеттің мәліметінше, тексеріс нәтижесі бойынша видеодағы кейіпкер капитан Нұрғалиев ҰҚК Шекара қызметінен жұмыстан шығарылған. Сонымен қатар, бірнеше командир мен әскери қызметшілер тәртіптік жазаға тартылыпты.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болып, оның салдарынан құқық қорғау қызметкерлері қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Талқылау