Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-ның арнай операциясы: Темір жол мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті мен көліктегі полиция департаментінің бірлесе жасаған жұмысының нәтижесінде вагондардан ірі көлемде зат тонағандар ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

ҰҚК-ның арнай операциясы: Темір жол мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері ұсталды

Ұсталғандар Еуроодақ елдеріне арналған тауар тиелген қытайлық және қазақстандық вагондарды тонаған. Алдын ала болжам бойынша, олар жалпы сомасы жүздеген миллионды құрайтын заттарды ұрлапты.

Нәтижесінде 10 адам ұсталды. Олардың бәрі – темір жол мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері.

«Қаскөйлер ұрлыққа тыңғылықты дайындалған. Яғни, пойыз қашан өтеді, қай вагонда қандай жүк барын білген. Кейін Ақтоғай, Торпалды, Узловая бекеттерінде арам ойларын іске асырып отырған», – дейді көліктегі полиция департаментінің басқарма басшысы Дәулет Мақсұтов.

Анықталғандай, олар пойыз тоқтап тұрған кезде вагондарды тонаған. Тіпті, кейде пойыз жүріп бара жатқан кезде де вагондардағы заттарды қолды қылыпты. Ал ұрланған заттарды Алматы, Қарағанды облыстары мен Астана қаласындағы өздерінің сенімді клиенттеріне сатып келген.

«Бізде жауапсыз жұмысшылар барын мойындаймыз. Кейбірінің темір жолдағы ұрлыққа қатысы бар. Оларды анықтап, жазалау үшін құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, жүк пойыздарын бақылауды күшейтеміз», – дейді «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ директорының орынбасары Жәнібек Нұрсейітов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау