Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ҰҚК қызметкері жоғары жылдамдықпен Астана вокзалында көлігімен жүрді (видео)

Астана вокзалында жүрген Mitsubishi L200 көлігі видеоға түсіріп, желіге жарияланып кетті. Көлік жоғары жылдамдықпен зулап өте шыққан. Видео авторы оқиғаның 31 мамыр күні болғанын айтады.

Безымянный

«Вокзал-сервис» АҚ-ның баспасөз қызметі көлік жүргізушісінің вокзал алдынан өтуге рұқсат алғанын айтады. Өтінішті ҚР ҰҚК «Арлан» арнайы жасақ бөлімі берген. Олар заттарын пойызға тиемекші болған. Алайда, жүргізушіге 5 км жылдамдықтан асырмау керектігі ескертілген. Бірақ, ол жылдамдықты асырып, ереже бұзған. Оның жауапқа тартылатыны әлі белгісіз.

Талқылау